423,42 511.30 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мексикада тағы екі штатта жартылай локдаун енгізілді

  • 161
  • UPD: 13:58, 24.12.2020

Мексикада індеттің таралуын тоқтату үшін Мехико қаласы мен тағы екі штатта жартылай локдаун енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі ауруханаларда коронавирусты жұқтырғандар саны күрт өскен. Сарапшылар індетпен күрес күшейтілмесе желтоқсанның аяғына дейін науқастарды қабылдайтын орын болмай қалуы мүмкін деп отыр. Билік тұрғындарға алдағы мерекелерді топтасып қарсы алудан бас тартуға шақырып жатыр. Кей тұрғындар биліктің шешіміне наразы.

Фиделина Эсперон, жергілікті тұрғын:

– Бұл әділетсіздік. Мен шектеулерді қатаңдатуға қарсымын. Полиция маған көшеге шығып, сауда-саттықпен айналысуыма рұқсат бермей жатыр. Ал тауарларымды сатпасам жанұямды қалай асыраймын.

Соңғы мәліметке қарағанда, Мексикаға «Файзер» мен «Байонтек» компаниясының алғашқы вакцинасы жеткізілген. 3 мың доза екпемен алдымен дәрігерлерді вакцинациялау көзделген. Ал қаңтар айының соңына дейін елге 1 миллионнан астам вакцина жеткізу жоспарланған.

Айта кетейік, Мексикада вирусты жұқтырғандар саны 1 миллион 300 мыңнан асқан.

Хабар 24 телеарнасы