429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Британияда жүргізушілер шекарадағы тексерістің баяулығына наразы

  • 174
  • UPD: 11:14, 24.12.2020
Британияда жүргізушілер шекарадағы тексерістің баяулығына наразы

Ұлыбританияның Дувр портты қаласында жағдай ушықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі Франция жақында көрші елден оралатын жүк көліктеріне шекараны ашқанмен, одан өткізу баяу жүріп, жүргізушілердің наразылығын туғызуда. Олар Франция аумағынан өту үшін қолдарында вирусты жұқтырмағаны туралы анықтама болуы керек. Салдарынан 4 мың жүргізуші Рождествоға дейін үйіне қайтып орала алмайтын түрі бар.

Еске сала кетейік, Ұлыбританияда бірер апта бұрын коронавирустың өзгерген түрі тіркеліп, Еуропаның бірқатар елі корольдікпен әуе қатынасын тоқтатқан.

Хабар 24 телеарнасы