419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Пандемия кезінде тұрғындары байыған ел аталды

  • 133
  • UPD: 11:21, 24.12.2020
Пандемия кезінде тұрғындары байыған ел аталды

Коронавирустық пандемия басталғаннан бері Дания халқы одан сайын байи түсті.

Осы жылдың үшінші тоқсанындағы мәліметтерге сәйкес ел тұрғындарының жинақтары 5,66 трлн кронға (930 млрд доллар) жетті. Бұл туралы Данияның Орталық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Соңғы екі тоқсанда елдің қаржылық әл-ауқаты 709 млрд кронға өсті», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта даниялық отбасылардың жылдық орташа табысы шамамен екі млн кронды құрайды – шамамен 327 мың доллар. Сарапшылардың пікірінше, келесі тоқсанда ел тұрғындарының қаржылық жағдайы жаңа рекордты жаңартуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы