Жапонияның шығысындағы Сакурагава қаласында автокөлік жүргізушісі бір топ оқушыны қағып кетті.
Балалар сабаққа бара жатқан. Апат салдарынан кем дегенде бір бастауыш сынып оқушысы ауыр жарақат алды, деп хабарлады Kyodo агенттігі. Қазіргі уақытта оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Соңғы мәліметтер бойынша көлік жүргізушісі қамауға алынды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.