Грекия халықты коронавирусқа қарсы вакцинациялауға дайындалып жатыр
- 204
- UPD: 15:31, 24.12.2020

Елге екпенің 9 мың доза көлеміндегі алғашқы партиясы осы сенбіде жеткізілуі тиіс.
Шараның өзі жексенбіге жоспарланған. Алғаш болып дәрігерлер мен қарттар үйінде тұрып жатқан адамдарды егу көзделген. Бір адамға екпе егу процессі 10-15 минуттай уақыт жалғаспақ. Себебі вакцина салынған адамның хал-жағдайын бақылау қажет дейді мамандар
Айта кетейік, Грекияда 130 мыңнан астам адам вирус жұқтырған. Халықты жаппай вакцинациялау ақпан айына жоспарланып отыр.