418,54 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Египетке жалған ПТР анықтамамен баратындар көбейген

  • 198
  • UPD: 16:30, 24.12.2020
Египетке жалған ПТР анықтамамен баратындар көбейген

Жалған ПТР тест нәтижесімен айласын асырып жүрген саяхатшылар Египеттің туристік аймақтарына ағыла бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша соңғы екі аптада 87 турист дәрігерлер мен шекара қызметкерлерін алдамақ болған. Бір қызығы, олардың барлығы – әлемнің түкпір түкпірінен келгендер. Енді Мысырдың полиция қызметі курорттық жерлерге келетін демалушылар үшін талапты қатаңдатпақ.

Египеттің Хургада қаласына желтоқсанның ортасында жалған ПТР тест нәтижесімен келген алғашқы турист Германия елінің азаматы болды. Бастапқыда бұл жай ғана қателік деп танылса, келесі күні осындай жағдайдың тағы сегізі тіркелген. Олардың барлығы – Азияның түкпір-түкпірінен келгендер. Полиция өкілдерінің айтуынша, ұсынылған тест анықтамасы бірден күдік тудырған. Ал саяхатшылардың жалған анықтама жасағандарын мойындағысы жоқ. Десе де енді олар демалыстарын жағажайда емес, карантинде өткізеді.

Амр Халим, Хургада қ. полиция қызметінің аға инспекторы:

– Египеттің бір туристік агенттігі осындай іспен айналысқан. Қазір жалған анықтамамен келген туристердің бұл агенттікпен байланысы бар-жоғы анықталып жатыр. Әзірге тек үш жолаушының ғана алаяқтардың көмегіне жүгінгені белгілі. Анықтама шамамен 200 долларға сатылған. Заңсыз іспен 4 мысырлық тұрғын айналысқан. Арасында бұрын дәрігер болып жұмыс істеген адам да бар. Жұмысынан айырылғанда ол көптеген медициналық бланкілерді ала кеткен. Алаяқтардың барлығы қазір қамауға алынды.

Аймақтағы курортты жерлерде инфекцияның таралмауы үшін жергілікті әуежайлар екі күннің ішінде өзінің эпидемиологиялық тәртібін өзгертті. Жаңа талапқа сай Египетке келген әр адамның ПТР тест тапсырғанын мерзімі 72 сағаттан аспауы керек. Ал анықтама мен ондағы жауапты зертхана дәрігерінің мөрі және қолтаңбасы ағылшын тілінде болуы шарт. Әрі анықтамада міндетті түрде халықаралық штрих-код пен сутаңба болуы керек.

Хавез Холши, заңгер:

– Бізге туристердің құқығын шектеп жатыр деген жала жабылды. Келген қонақтар жауапқа тартылу үшін емес, демалу үшін келдік дейді. Алайда әлемдегі қазіргі эпидахуалды бәріміз де көріп отырмыз. Биліктің қолға алған шаралары орынды деп ойлаймын. Елімізге келгісі келген азамат дені сау екенін дәлелдеуі керек. Себебі біз де өз ұлтымыздың саулығына жауаптымыз. Оған қоса ешкім депортацияланбайды. Бар болғаны оқшауланатын болады. Кейін ковидті анықтайтын тест тапсырып, нәтижесі белгілі болмайынша карантинде отырады.

Елдің кедендік комитеті жаңа ережелер туристер үшін барынша бейімделіп жасалғанын хабарлайды. Мәселе, енді тест анықтамасы тек қағазда ғана емес, электронды нұсқасымен де жарамды.

Авторлары:  Дмитрий Лукша, Светлана Брахмит, Амр Мурад

Хабар 24 телеарнасы