Эритреяда пандемия басталғалы бері коронавирустан алғашқы адам көз жұмды, деп хабарлады елдің ақпарат министрлігі.
Министрлік мәлімдемесінде COVID-19-дан болған бір өлім жағдайы туралы айтылған. Әзірге басқа мәліметтер жоқ.
Соңғы мәліметтерге сәйкес Эритреяда коронавирустық инфекцияның 877 жағдайы тіркелген, оның ішінде 599 адам сауығып кетті.