421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытай Ұлыбританиямен әуе қатынасын тоқтатты

  • 100
  • UPD: 19:17, 24.12.2020
Қытай Ұлыбританиямен әуе қатынасын тоқтатты

Бұған коронавирустың Біріккен Корольдіктен табылған жаңа штаммы себеп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай хабарды Қытайдың Сыртқы істер министрлігі таратты. Ресми Бейжің аталған шектеу қанша уақытқа созылатынын анықтап айтпады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ұлыбританияға қатынайтын әуе рейстерін Ресей, Түркия, Еуроодақ елдері, Жапония, Оңтүстік Корея, Иран және тағы басқа мемлекеттер де кейінге шегерген болатын.

Хабар 24 телеарнасы