Италияның Лампедуза аралына бара жатқан африкалық заңсыз мигранттар қайығы Тунис жағалауында суға батып кетті.
Олар Жерорта теңізін кесіп өтпек болған. Бұл туралы Reuters хабарлайды.
Агенттік мәліметінше, қайықта 45 адам болған. Кемінде 20-сы көз жұмса, тағы 20-ға жуығы жоғалғандар қатарында. Ал бес адам құтқарылған.