Ұшақ жолаушылары коронавирустың жоқтығын растайтын тестіні көрсетуге міндеттелді, деп хабарлайды «Хабар 24».
ПТР-тест 72 сағат бұрын жасалған болуы керек. Бұл анықтаманы шетелдіктер де, ел азаматтары да көрсетуі тиіс. Тест нәтижесін көрсетпегендер әуе рейсіне жіберілмейді. Сондай-ақ ұшып келушілер 10 күндік карантиннен өтуі қажет. Мұндай ережелер әуе рейстерінен басқа автобус, кеме, пойыз жолаушыларына да енгізілуі мүмкін. Қазір билік жаңа талаптарды талқылап жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, коронавирустың Ұлыбританияда табылған жаңа штамы кейін Нидерландта да анықталған болатын.