Италияда Рождество мерекесі қарсаңында жалпыұлттық карантин басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ел үкіметінің айтуынша, енді азаматтардың себепсіз жүріп-тұруына рұқсат жоқ. Сонымен қатар мереке күндері тұрғындардың топ болып жиналуына тыйым салынады. Қазір бүкіл ел бойынша бөлшек сауда дүкендері жабық тұр. Ал мейрамханалар мен барлар тек өзімен бірге алып кету қызметін көрсетіп жатыр.
Айта кетейік, аталған шектеу шаралары 6 қаңтарға дейін созылады. Ал 7 қаңтарда ашылуы керек болған тау-шаңғы шипажайлары ай соңында бірақ ашылатын болды. Өйткені бұл күні елде жаппай вакцинациялау науқаны басталады.