420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Калифорния штатында коронавирус жұқтырғандар еселеп артуда

  • 135
  • UPD: 18:19, 24.12.2020
Калифорния штатында коронавирус жұқтырғандар еселеп артуда

АҚШ-тың Калифорния штаты 2 миллион адам коронавирус жұқтырған алғашқы аймаққа айналды.

Бұл туралы Джонс Хопкинс университеті мәлімдеді. Халық ең тығыз орналасқан штатта ковидтен 23558 тұрғын көз жұмған. Аймақтағы ауруханаларда төсек-орын жетіспей жатыр. Осыған байланысты Калифорнияның 5 өңірінің төртеуінде міндетті түрде үйде болу режимі енгізілген.

Індетке шалдыққандар Ұлыбритания елінде де еселеп артуда. Соңғы дерек бойынша мұнда ковид жұқтырғандар саны 39 мыңнан асты. Бұл – коронавирус таралғалы тіркелген ең жоғарғы көрсеткіш. Осының алдында Британия үкіметі коронавирустың тағы бір штамы анықталғанын хабарлады. Жаңа түр Оңтүстік Африка Республикасынан келген.

Хабар 24 телеарнасы