419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстік Кореяда биыл Рождество мен Жаңа жыл тойланбайды

  • 135
  • UPD: 18:40, 24.12.2020
Оңтүстік Кореяда биыл Рождество мен Жаңа жыл тойланбайды фото: aminoapps.com

Сеул ғана емес Кореяның өзге аймақ тұрғындары да биыл Рождество мен Жаңа жылды тойлай алмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оңтүстік Кореяда коронавирус пандемиясының үшінші толқыны әлі басылмай тұр. Елде үшінші күн қатарынан күніне мыңнан астам адамнан COVID-19 анықталды. Індеттің өршуіне байланысты Сеулде бүгіннен бастап жаңа шектеулер енгізілді. Шаһарда қаңтардың 3-іне дейін 4 адамнан артық жиналуға тыйым салынады. Бұл шектеу әлеуметтік арақашықтықтың ең жоғарғы үшінші деңгейінен де қатал. Қонақ үйлерге де шектеу қойылды. Ұлыбританияда коронавирустың жаңа түрінің пайда болуына байланысты бұл елмен рейстер жыл соңына дейін тоқтатылды. COVID-19 сынағын өткізуге арналған зертханалар саны көбейді.

Юн Тхэ Хо, Корея Республикасы ДЕнсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің өкілі:

- Қосымша төсек-орындармен қамтамасыз ету үшін үкімет ауруханалар мен ұлттық университет жанындағы клиникаларға ауыр науқастарға арналған төсек-орынның 1%-ін бөлуге бұйрық берді. 104 қосымша орын бөлінді, тағы 199-ы 26 желтоқсанда және тағы 328-і бір апта ішінде пайда болады. 

Халықтық сауалнамалар көрсеткендей, ел тұрғындарының жартысынан көбі жедел вакцинацияны қолдайды, ал екінші бөлігі егу жылдамдығы емес, оның қауіпсіздігі маңызды деп санайды. Үкімет вакцинаның бір жарым миллион дозасы келер жылдың бірінші тоқсанында Оңтүстік Кореяға жеткізілетінін, ал егу шараларының ақпан немесе наурыз айларында басталатынын айтты. Алайда дәрігерлер асықпауға шақырып отыр.

Хабар 24 телеарнасы