426,99 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Молдовада тұңғыш әйел президент қызметіне кірісті

  • 195
  • UPD: 18:51, 24.12.2020
Молдовада тұңғыш әйел президент қызметіне кірісті фото: news.vtomske.ru

Молдавияда президент сайлауында жеңіске жеткен Майя Санду қызметіне ресми кірісті, деп хабарлайды  «Хабар 24».

48 жастағы басшыны ұлықтау рәсімі Кишинёвте Республика сарайында өтті. Салтанатты іс-шара парламент депутаттары мен конституциялық сот мүшелерінің бірлескен отырысынан басталды. Санду бұған дейін үкімет басқарған болатын. 15 қарашада өткен сайлауда 57% дауыс жинаған ол бүгін Молдова тарихындағы тұңғыш әйел президент атанды. Бұрынғы президент Игорь Додон 5 жыл ел басқарған.

Хабар 24 телеарнасы