419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жапонияда тұңғыш рет адамсыз басқарылатын жолаушылар пойызы шығарылды

  • 129
  • UPD: 19:11, 24.12.2020
Жапонияда тұңғыш рет адамсыз басқарылатын жолаушылар пойызы шығарылды фото: cfts.org.ua

Жапония әлемде тұңғыш рет адамсыз басқарылатын жолаушылар пойызын шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл көлік елдің оңтүстік-батысындағы Кюсю аралында қатынайды. Бүгін жолаушылар мінген пойыз алғашқы сынақтан сәтті өтті. Сақтық үшін жетекші вагонда жүргізуші отырды. «Ол 2022 жылдың наурызына дейін болады», - дейді ұйымдастырушылар. Қазір Жапонияда бала туу деңгейі азайып, халық қартайып барады. Бара-бара елде пойыз жүргізетін мамандар тапшы болуы мүмкін. Жоба авторлары жаңа үлгідегі пойызды жасауда осы мәселені оңынан шешуі тиіс деп сенеді.

Хабар 24 телеарнасы