423,04 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жаңа жыл қарсаңында Тбилисиде Эйфель мұнарасы бой көтерді

  • 118
  • UPD: 23:51, 24.12.2020

Індет керісінен туристсіз қалған грузиндер жиһанкездердің құрметіне ел астанасында жаңажылдық фигуралар ретінде әлемге танымал нысандарды орнатқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Эйфель мұнарасы, Биг-Бен. Шартарапқа танылған көрікті ғимараттар қазір Тбилиси төрінде тұр.

Ромео Микаутадзе, «Тбилсервис» директоры:

- Биылғы жылдың ұраны – тілектестік. Соның лебі қазір бүкіл қалада сезіліп тұр.

Пандемияға байланысты биыл Грузия астанасын Жаңа жылға безендіру үшін бюджеттен шамамен 300 мың доллар бөлінген. Былтырмен салыстырғанда бұл үш есеге аз екен. Соған қарамастан, қызмет көрсетуші компанияның қызметкерлері осы бір қысылтаяң кезеңде мерекелік көңіл-күйді барынша жеткізуге тырысыпты.

Заур Барсегян, тбилиси қаласының тұрғыны:

- Жарықтандыру өте әдемі. Көңіл-күй де тамаша. Пандемия болмаса тіпті жақсы болар еді. Өйткені жақындарымыз Грузияға келгісі келген еді, алайда індетке байланысты келе алмады.

Элисо Цхомелидзе, Тбилиси қаласының тұрғыны:

- Жарықтандыру өте қатты ұнады. Шырша да биыл әдемі безендірілген. Көңіл-күйіміз болса көтеріңкі.

Тбилиси тұрғындары қазір қаланың әдемі көшелерімен серуендеуге асық. Бірақ кешкі 21:00-ден кейін шаһардың бас көшесінде тірі жанды көрмейсің. Өйткені ел аумағында әлі коменданттық сағат режимі күшін жоймаған. Бастапқыда қала билігі түнгі уақытта жаңажылдық жарықтандыруды өшірмек болыпты. Алайда індетке байланысты күні-түні жұмыс істеуге мәжбүр дәрігерлер үшін жергілікті билік бұл ойынан айныған.

Авторлары: Юлия Тужилкина, Шалва Сурамелашвили

Хабар 24 телеарнасы