419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Британияда мыңнан астам жүк көлік кептелісте тұр

  • 97
  • UPD: 08:39, 25.12.2020
Британияда мыңнан астам жүк көлік кептелісте тұр

Ұлыбританияның Дувр портты қаласындағы жағдай оңалған жоқ. Бір мыңнан астам жүк көлігі ұзын сонар кептелісте әлі тұр.

Тіпті олар жағдайға назар аударту үшін «Көмектес» деген сөзді ағылшынша жазған. Алдында Франция жүк көліктердің өтуі үшін шекараны ашқанымен «Ковид-19»-дың бар-жоғын тексеру процесі өте баяу жүріп жатыр. Бұл жүргізушілердің наразылығын тудыруда.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлыбританияда бірер апта бұрын коронавирустың жаңа штамы тіркеліп, Еуропаның бірқатар елі Корольдікпен арадағы әуе қатынасын тоқтатқан еді.

Хабар 24 телеарнасы