420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нигерияда коронавирустың мутациясы анықталды

  • 119
  • UPD: 10:19, 25.12.2020
Нигерияда коронавирустың мутациясы анықталды

Ковид 19-дың  мутацияға ұшыраған жаңа штамы Нигерияда анықталды.

Африканың ауруды бақылау және алдын алу орталығының мәліметі бойынша осы жолы табылған вирустың жаңа түрі бұған дейін Оңтүстік Африка Республикасы мен Ұлыбританияда тіркелгеннен өзгеше. Жергілікті ғалымдар инфекцияның адамға қаншалықты қауіпті екенін анықтау үшін қосымша зерттеу жұмыстарын жүргізу керек дейді. Жалпы соңғы кездері Нигерияда коронавирус індетіне шалдыққандар саны екі есеге артты.

Мамандардың болжауынша, бұған вирустың жаңа түрі себеп болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы