420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайда «Alibaba» компаниясын тергеу басталды

  • 128
  • UPD: 11:13, 25.12.2020

Қытайдың монополияға қарсы агенттігі «Alibaba» компаниясына қарсы тергеу бастады.

Ел нарығын реттеуге бағытталған мемлекеттік басқарма алпауыт компанияны монополистікпен айналысты және эксклюзивті келісімдер жасады деп санайды. «Алибабаны» тексеруге Қытайдың орталық банкі мен құнды қағаздарды бақылау, валюта нарығын реттеу сынды бірнеше басқарма қосылған. Олар компаниядан ашық бәсекелестік жүргізіп, тұтынушылардың құқықтарын сақтауды талап етіп отыр. Қарашаның басында Ant Group Гонконг пен Шанхай нарығында акцияларын шығара алмай қалған еді. IPO-да акциялар 34 миллиард АҚШ доллары пайда әкеледі деп күткен болатын. Осыдан кейін Wall Street Journal басылымы Қытай билігінің «Алибабаға» қарсы мұндай әрекетін Джек Маның мәлімдемесімен байланыстырған. Миллиардер ел билігін сынға алған болатын.

Хабар 24 телеарнасы