Әйгілі американдық кәсіпкер Илон Маск «Спейс Икс», «Тесла» және «Нейролинк» компаниясын бір бірлестікке біріктіру туралы идеяны қолдады.
Мұндай ұсынысты танымал блогер Дэйв Ли ұсынған еді. Инвестор жаңа бірлестікті «Икс» деп атауды да айтқан.
Лидің пікірінше, холдинг Маскке қазіргі компанияларын басқаруды оңтайланыдырып, жаңаларын құруға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, кәсіпкер Илон Масктың «СпейсИкс» компаниясы аэроғарыш, «Тесла» электромобильдерді ал «Нейролинк» нейротехника саласында өнім шығарумен айналысады. Бірақ биржада тек «Тесланың» акциялары орналастырылған.