418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістанда көше саудасы жойылып кетуі мүмкін

  • 104
  • UPD: 13:09, 25.12.2020

Үндістанның көше саудасы жойылу алдында. Үнемі санитарлық органдардың қуғын-сүргініне төтеп беріп келген саудагерлер індеттен дағдарысқа ұшыраған. Мәселе вирустың өршуінде емес, карантиннен тұтынушылар қарасының азаюында. Салдарынан сатушылар кірісінен айырылған.

Үндістандағы көше саудасы эпидемиологтар тарапынан қазіргідей қысымды соңғы рет 2014 жылы көрген. Ол кезде саудагерлер сапасыз тамақ пен талапқа сай емес еңбек орны үшін қуғынға ұшырап, темір торға қамалған. Бірақ мемлекет саудагерлерді қолдап, текетірес көше кезген саудагерлерді қорғау туралы заңды қабылдаумен аяқталған еді.

Удит Шлея, саудагер:

- Біз полиция мен белсенділерден қорқушы едік. Бірақ тұтынушыларымыз жоғалады деп ешқашаен ойламаппыз. Яғни сатып алушылардың қарасы азайған емес. Тауарымды 20 долларға сатсам мен үшін үлкен табыс болатын. Бұл кәсіппен азын аулақ нәпақамды тауып жүрдім. Індеттен жағдайымыз тіпті нашарлады.

Ал түрлі дерекке қарағанда індеттен Нью-Дели көшелерін 5 мыңға жуық саудагер тастап кеткен. Шаһарды кезіп жүретін саудагерлер күн көру үшін шекара маңы өңірлеріне қоныс аударған. Себебі онда сирек болса да саяхатшыларды кездестіруге болады.

Шанкар Мирал, Нью-Дели сауда кәсіподақтарының төрағасы:

- Үндістандағы қала халқының 20-25 проценті көше саудасымен айналысып күнін көреді. Олардан үкіметке еш ауыртпалық түспейді.  Бірақ індет басталғалы қуғыннан көз ашпай келеді. Салдарынан қазір Нью-Дели көшелерінде 200-дей ғана саудагерді көруге болады.

Ал мәліметтерге сүйенсек, Үндістанда 2 миллионға жуық көше саудагері бар екен. Бірақ қазір олардың барлығының жағдайы мүшкіл. Үкімет мұндай бизнес түрін қолдау мүмкін емес екенін ашық айтып отыр. Сарапшылар болса көше саудагерлері жуық арада өз тауарларын өткізетін нарық таппаса елдің сауда секторында жұмысссыздық белең алып, ірі дағдарысты бастан кешеді дейді.

Дмитрий Петров, Дмитрий Лукша, Анастасия Левитан, Устад Рахман

Хабар 24 телеарнасы