Жерорта теңізінде қайық апатынан 20 адам мерт болды. Марқұмдардың дені Африка елдерінен шыққан заңсыз мигранттар.
Қаза тапқандар Жерорта теңізі арқылы кәрі құрлыққа табан тіремек болған. Тунистің жағажай күзет қызметкерлері 5 адамның өмірін аман алып қалды. Оқиғадан із-түзсіз жоғалғандар да бар. Құтқарушылар ісзестіру операциясын әлі де жалғастырып жатыр. Тунис билігінің хабарлауынша қайықта шамамен 40-тан астам адам болды. Мамандар апатқа жел тұрып толқынның көтерілуі себеп дейді. Миграция мәселесі бойынша халықаралық ұйымның мәліметіне сай биыл Жерорта теңізінде 1 мың 1 жүз мигрант опат болды.