419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Калифорнияда орман өрті қайта өршіді

  • 142
  • UPD: 11:59, 25.12.2020
Калифорнияда орман өрті қайта өршіді

Тілсіз жау аймақ тұрғындарына қауіп төндіруде. Құтқарушылар 7 мыңнан астам адамды эвакуациялады.

Мамандар өртті ауыздықтау үшін Санта-Ана қаласындағы қатты жел кедергі болып тұрғанын айтады. Әзірге өрттің шығу себебі анықталған жоқ. 

Ақпарат көздері жыл басынан бері аймақтағы орман өрті 33 адамның өмірін қиғанын хабарлайды. Тағы 1 млн астам гектар жер телімі жарамсыз күйге айналып, 10 мың тұрғын үй күлге айналды.

Хабар 24 телеарнасы