419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Угандада қайық аударылып, 30 адам қаза тапты

  • 86
  • UPD: 14:16, 25.12.2020
Угандада қайық аударылып, 30 адам қаза тапты

Угандада Альберт көліне қайық аударылып, 30 адам суға батып кетті.

Оқиға 22 желтоқсан күні кешке, балықшылар балық аулап, жағалауға шығуға дайындалып жатқан кезде болған, деп хабарлады ТАСС.

Қайықта 47 адам болған. Олардың арасында 30 адам қаза тапты, 12 адам құтқарылды, қалғандары із-түзсіз жоғалып кетті.

Альберт көлі Африкадағы үлкендігі бойынша жетінші көл болып табылады және Нілдің жоғарғы су жүйесінің бөлігі болып табылады. Ол Уганда мен Конго Демократиялық Республикасының шекарасында орналасқан. Көлдің ұзындығы 160 км, ені 30 км құрайды. Максималды тереңдігі –  51 метр.

Хабар 24 телеарнасы