423,83 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

ОАР-да коронавирустың таралуы күшейді

  • 304
  • UPD: 15:18, 25.12.2020
ОАР-да коронавирустың таралуы күшейді

Оңтүстік Африкада коронавирустың таралуы күшейе түсті. Соңғы бір тәулікте вирусты 14 мың адам жұқтырып алған.

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына вирустың жаңа түрі ықпал еткен. Зерттеулер елде індетті жұқтыру дерегі желтоқсан айына дейінгі көрсеткіштен 26 процентке артқанын көрсетті. Сондықтан сарапшылар індеттің екінші толқынында дерттің таралуы көтемгі кезге қарағанда көп болуы мүмкін деп отыр. Билік вирустың таралу қарқынын бәсеңдету үшін шектеулерді қайта қарауға ниетті.

Мгулуби Мхлангули, жергілікті тұрғын:

- Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі індеттің екінші толқынына төтеп бера ала ма жоқ па белгісіз. Бірақ билік вирустың таралуын тоқтату үшін барлық шараларды қолға алады деп сенемін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше, Оңтүстік Африка Республикасында шыққан жаңа штамм Ұлыбританиядағы вирус түрінен өзге. Бірақ бұл вирустың да тез жұғатыны анықталған. Осыған байланысты Офңүстік Африка республикасымен бірнеше мемлекет әуе байланысны тоқтатты.

Хабар 24 телеарнасы