429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Венгрияда Рождество күні коменданттық сағат уақытша тоқтатылады

  • 165
  • UPD: 15:22, 25.12.2020
Венгрияда Рождество күні коменданттық сағат уақытша тоқтатылады

Венгрия билігі Рождество күні қарсаңында аймақтағы коменданттық сағатты уақытша тоқтатады.

Енді жеңілдетілген шаралар жергілікті тұрғындардың Будапешт қаласында өтетін мессаға қатысуына мүмкіндік береді. Естеріңізге салайық, Венгрияда қарашаның 11-і жарияланған коменданттық сағат әлі де өз күшінде. Оған сай кешкі сағат 20:00-ден таңғы 5-ке дейін тұрғындар себепсіз сыртқа шыға алмайды. Өңірде қоғамдық іс-шаралардың өткізілуіне де тыйым салынды. Билік өкілдері Рождество мерекесінде шіркеулерде ұйымдастырылатын діни құлшылық кезінде адамдардың әлеуметтік арақашықтықтықты сақтау керек екенін ескертіп отыр. 

Юлия Вермес, Будапешт тұрғыны:

- Діни іс-шаралар маған күш-қуат береді. Әрине қауіпсіздік шараларын мұқият сақтау керек. Бұл өзіміздің және өзгенің денсаулығы үшін қажет.

Грекияда керісінше тәртіп сақшылары Афина көшелерін тексеріп жатыр. Мамандар мерекеге қарамастан халықты карантин талаптарына немқұрайлық танытпауға шақырады. Жергілікті билік аймақта коронавирус індетін болдырмау үшін қоғамдық іс-шаралардың ұйымдастырылуына тыйым салды. Сонымен қатар Жаңа жыл мен Рождество мерекелері кезінде коменданттық сағат өз күшінде қалатын болады.

Хабар 24 телеарнасы