421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19: Қытайда ауруға осал топтарға екпе жасалып жатыр

  • 186
  • UPD: 17:45, 25.12.2020
COVID-19: Қытайда ауруға осал топтарға екпе жасалып жатыр

Бұл мұздатылған өнімдермен жұмыс істейтін қызметкерлер, денсаулық сақтау саласы мен кеден қызметінің мамандары және базарлар мен қоғамдық көлікте істейтін адамдар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қытайлық жаңа жылға дейін 50 миллион адамға екпе жасау көзделіп отыр. Ай күнтізбесі бойынша жаңа жыл ақпанның он екісінде басталады. Қытайда қазір бірнеше вакцина клиникалық сынақтың соңғы сатысынан өтіп жатыр. Бұл препараттардың тиімділігін бірнеше өзге ел де таныған. Қазір ғалымдар вакциналардың вирустың жаңа мутацияларына қалай әсер ететінін тексеріп жатыр.

Чжан Линьци, Цинхуа университетінің профессоры:

– Вакциналардың барлық түрі мутацияланған вирусқа қалай әсер ететінін зерттегіміз келеді. Тек осылай ғана, қазіргі вакциналар немесе антиденелердің негізінде жасалған препараттардың мутацияланған вирусты баса алатынан біле аламыз.

Хабар 24 телеарнасы