429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Эфиопияда содырлардың шабуылынан 100-ден астам адам қаза тапты

  • 204
  • UPD: 17:16, 25.12.2020
Эфиопияда содырлардың шабуылынан 100-ден астам адам қаза тапты

Эфиопияда Метекель аймағындағы жергілікті содырлардың шабуылынан 100-ден астам бейбіт тұрғын қаза тапты. Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

Атыс қаруымен, пышақпен, сондай-ақ садақ және жебемен қаруланған террористер 23 желтоқсан күні таңертең Бекоджи ауылының тұрғындарына шабуыл жасады.

Бейбіт тұрғындарды қыру түске дейін жалғасты, шабуылдаушылар үйлер мен егіндерді де өртеп жіберген. Шабуыл мен өрттің салдарынан 102 адам қаза тапты, кем дегенде 36 адам жараланды.

Осыдан кейін бұл аймаққа әскери күштер жіберілді, олар шабуылға қатысқан 42 содырды ұстап, қолдарындағы барлық қаруды тәркіледі. Шабуылдың артында нақты кімнің тұрғандығы туралы әлі айтылған жоқ, бірақ қырғынды ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікпен бес адам қамауға алынған. 

Хабар 24 телеарнасы