427,07 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Эфиопияда 40-тан астам лаңкестің көзі жойылды

  • 203
  • UPD: 08:52, 26.12.2020
Эфиопияда 40-тан астам лаңкестің көзі жойылды

Эфиопия әскері жүз бейбіт тұрғынның өмірін қиған 40-тан астам содырдың көзін жойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, құрбандар арасында балалар да бар. Террористер 23 желтоқсанда елдің батысындағы ауылға түн ортасында шабуыл жасап, ұйықтап жатқан адамдарды атып, үйлерін өртеп жіберген. Қырғынға қатысы бар тағы 5 шенеунік қамауға алынды. Бұл шабуыл аталған аймаққа осы елдің премьер-министрі сапарынан кейін болған. Әзірге лаңкестердің қандай ұйымға мүше екені белгісіз. Эфиопияда соңғы жылдары саяси, этникалық және діни қақтығыс өршіп тұр. 2 миллионға жуық тұрғын басқа елдерге қашып, босқынға айналған. Жалпы елдегі халық саны 100 миллионнан асады. Сарапшылардың айтуынша, олар 80 этникалық топқа бөлініп кеткен.

Хабар 24 телеарнасы