423,04 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Санкт-Петербург тұрғындарын өзендегі көбік шошытып отыр

  • 130
  • UPD: 10:32, 26.12.2020
Санкт-Петербург тұрғындарын өзендегі көбік шошытып отыр

Ресейдің Санкт-Петербург қаласы арқылы ағатын Дудергофка арнасынан су орнына көбік пайда болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала тұрғындары күдік тудырған көріністі бейнетаспаға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялаған. Осыдан кейін жергілікті прокуратура мен Табиғатты қорғау басқармасының инспекторлары химиялық затты заңсыз тастау бойынша іс қозғап, арнайы тергеу жүргізе бастады. Алдын ала мәлімет бойынша бұл кір жуатын ұнтақ болуы мүмкін. Сондай-ақ өзен суынан химиялық сұйықтық шығаруға арналған майлар да табылды. Төтенше оқиғаның анық-қанығы тергеуден кейін белгілі болмақ.

Хабар 24 телеарнасы