421,39 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бельгияда қарттар үйінде коронавирустан 18 адам көз жұмды

  • 118
  • UPD: 13:05, 26.12.2020
Бельгияда қарттар үйінде коронавирустан 18 адам көз жұмды фото: ru.msf.org

Бельгияның Антверпен провинциясының Моле муниципалитетіндегі Hemelrijck қарттар үйінде коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар саны артуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Желтоқсанның ортасында аталған қарттар үйінде COVID-19-дың таралуы тіркелген болатын. Алдын ала мәліметтер бойынша инфекцияны таратушы Аяз ата болып киінген аниматор болуы мүмкін. Кейіннен актерден коронавирус анықталған болатын.

Қазірдің өзінде 121 қарт пен Hemelrijck мекемесінің 36 қызметкері қауіпті вирусты жұқтырып үлгерді. 18 адам коронавирустан қайтыс болды.

Мола билігі инфекцияның таралу себебі «Аяз атаныі сапары» болған-болмағанын әлі күнге дейін анықтауға тырысуда.

«Бірнеше зертхана инфекцияның таралу көзін анықтап жатыр. Бірақ мен әлі нәтижелерді алған жоқпын. Сондықтан қазіргі уақытта бұл белгісіз болып қалмақ», - деп атап өтті қала мэрі В.Кейерс.

VRT фламенд телекомпаниясының хабарлауынша, қала мэриясы шараны жақсы ниетпен ұйымдастырмақ болғанын айтқан.

«Мекеме жұмыскерлері барлық қызметкер мен зейнеткер маскалық режимді сақтағанын айтқан. Бірақ шын мәнісінде олай болмаған. Фотоларға қарап режимді сақтамағанын түсінуге болады», - деді В.Кейерс.

Хабар 24 телеарнасы