419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Францияда коронавирустың жаңа штамын жұқтырған алғашқы науқас анықталды

  • 136
  • UPD: 23:17, 26.12.2020
Францияда коронавирустың жаңа штамын жұқтырған алғашқы науқас анықталды

Францияда коронавирустың жаңа штамын жұқтырған алғашқы адам анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің мәлімдеуінше, 19 желтоқсанда Ұлыбританиядан елге келген. Ауру симптомдары байқалмайтын науқасты карантинге орналастырды. Сондай-ақ медиктер онымен қатынасқан адамдарды тауып оқшауландырмақ. Ұлыбританияда анықталған вирустың жаңа штамы өзгелерден әлдеқайда тез тарайды екен.

Хабар 24 телеарнасы