429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавирустың жаңа штамы әлдеқайда қауіпті болуы мүмкін – Мамандар

  • 296
  • UPD: 23:19, 26.12.2020
Коронавирустың жаңа штамы әлдеқайда қауіпті болуы мүмкін – Мамандар

Коронавирустың жаңа штамы әлдеқайда қауіпті болуы мүмкін.

Лондондағы Жұқпалы ауруларды математикалық үлгілеу орталығының мамандары осындай қорытындыға келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ғалымдардың мәліметінше, жаңа штамның өзгелерге жұғу жылдамдығы 56%-ке тез. Оның бұл қасиеті індеттің тез таралуына және ауруханалардағы орын тапшылығына әкелетін түрі бар. Алайда дәрігерлер жаңа штамды жұқтырғандар арасында өлім көрсеткішінің өсетіні немесе дерт ауыр өтетіні туралы дәлел келтірген жоқ. Коронавирустың бұл түрі осы күнге дейін әлемнің сегіз елінде анықталды.

Хабар 24 телеарнасы