Оңтүстік Корея үкіметі 16 миллион адамға жететін вакцинаны шетелден сатып алу жөнінде келісімге қол қойды.
Бұл ақпаратты Кореяның ауруларды бақылау және алдын алу орталығының өкілдері жариялады. Жалпы ел билігі шетелдік 4 фирмадан 44 миллион адамға жететін вакцина сатып алуды көздеп отыр. Осылайша ел вакцинамен 85 процентке қамтылады.