421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кореяда коронавирустың таралуы күшейді

  • 139
  • UPD: 19:30, 26.12.2020
Кореяда коронавирустың таралуы күшейді

Коронавирус дертімен күресте тәуір жетістіктерге жетіп, өзге елдерге үлгі болған Оңтүстік Кореяда қазір індет күшейіп барады.

Елде екі күн қатарынан бір мыңнан аса науқас анықталды. Ал осыдан бір күн бұрын 1241 адам вирусты жұқтырған. Бұл індет басталғалы елдегі ең жоғарғы көрсеткіш. Ауру ошақтары негізінен түрмелер, қарттар үйлері мен шіркеулерден шыққан. Мейрам қарсаңында үкімет 4 адамнан аса жиналуға тыйым салып, елдегі барлық тау-шаңғы курорттары мен туристік нысандарды жапты.

Хабар 24 телеарнасы