418,54 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Эдвард Сноуден әке атанды

  • 182
  • UPD: 20:04, 26.12.2020
Эдвард Сноуден әке атанды

АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы (CIA) және Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден әке атанды.

Бұл туралы Сноуденнің адвокаты Анатолий Кучерена хабарлады.

«Осыған дейін күткеніміздей, оның отбасы толықты. Эдвард пен Линдси ұлды болды», — деді Кучерена.

Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы.

Сноудендер отбасы дүниеге сәбиінің келуін күтіп жүргендіктен экс-тыңшы Ресей азаматтығын алуды көздеген болатын.

Еске сала кетсек, 2013 жылы Ресей Сноуденге уақытша саяси баспана берді.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы