Ұлыбританияның ең ірі зертханасында коронавирус ошағы анықталды.
Милтон-Кинс қаласындағы осы мекемеде жұмыс істейтін 4 ғылыми топтың үшеуіне вирус тараған. Сондай-ақ зертхана әкімшілігі мен қойма қызметкерлері де дертті жұқтырыпты. Жалпы карантинге жиырмаға жуық адам орналастырылды.
Айта кетерлігі, күніне 70 мың адамды тестілеуден өткізетін зертхана қызметкерлеріне қауіпсіздік ережелерін жиі бұзуға тура келеді екен.