Ирак ұлттық қауіпсіздік қызметі Бағдадтағы жаңа жыл мерекесінде террорлық акт жасауды жоспарлаған лаңкестерді ұстады.
Бұл туралы Al Sumaria басылымы хабарлады.
Ирак күштік құрылымдарының мәліметінше, барлығы төрт адам қолға түскен. Лаңкестердің біреуі мереке кезінде өзін өзі жарып жіберуді ойластырғаны да анықталды.
Ұсталғандар өзге біреулердің нұсқаулығы бойынша әрекет еткендерін мойындады.
Аударған: Г.Абилова