418,54 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Израильде мыңдаған тұрғын үкіметке қарсы наразылық акциясына шықты

  • 125
Израильде мыңдаған тұрғын үкіметке қарсы наразылық акциясына шықты

Халық ел премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды сыбайлас жемқорлыққа барды деп айыптап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар үкімет коронавирустық пандемияға қарсы тиісті шараларды дер кезінде қолға алмай, эпидемиологиялық ахуалды бақылаудан шығарып алды деп наразы. 

Осылайша наразы топ премьер-министрдің резиндециясының жанына жиналып, оның отставкаға кетуін талап етті.

Айта кетейік, қазір Израильде осымен үшінші рет локдаун режимі енгізілген. Соңғы ресми ақпарат бойынша  9 миллионға жуық халқы бар бұл елде 3 жүз 94 мың адам індет ілмегіне іліккен. 3 мың 186 науқас қайтыс болды.

Итай Джабер, жергілікті тұрғын:

– Үкімет халықты мүлдем ойламайды. Парақор шенеуніктер кесірінен елдің жағдайы нашарлап кетті. Біз демократияны сақтап қалғымыз келеді, сондықтан үкіметке қарсы наразылық акциясына шығып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы