Канадада коронавирустың жаңа штамын жұқтырған екі науқас анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жергілікті үкімет өкілдерінің мәлімдеуінше, Онтарио провинциясында тұратын бұл екі адам соңғы кезде ешқайда саяхаттаған жоқ. Қазір олар карантинге орналастырылды. Жалпы Онтарио өңірі коронавирусты жұқтыру саны бойынша Квебектен кейінгі екінші орында тұр. Бұған қатысты аймақта қатаң шектеу шаралары қолға алынды. Бұқаралық шаралар өткізуге және көшеде 10 адамнан асатын топ құруға тыйым салынған.