421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германияда жаппай вакцинациялау науқаны басталды

  • 156
  • UPD: 18:05, 27.12.2020
Германияда жаппай вакцинациялау науқаны басталды

Неміс ақпарат құралдарының хабарлауынша, елде жаппай вакцинациялау науқаны басталып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірінші болып Хальберштадт қаласының қарттар үйінде тұратын 101 жастағы әжейге вакцина егілді. Осыдан кейін мұндағы 40 қария мен 11 қызметкерге жасалған. Германия денсаулық сақтау министрі Йенс Шпанның мәлімдеуінше, үкімет жылдың аяғына дейін елдің 16 өңірінде бір миллион 300 мыңнан астам адамға вакцина егуді көздеп отыр. 

Хабар 24 телеарнасы