418,54 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлыбританияда «Белла» дауылы соғып, тұрғындар эвакуацияланды

  • 118
  • UPD: 17:39, 27.12.2020
Ұлыбританияда «Белла» дауылы соғып, тұрғындар эвакуацияланды

Ұлыбританияда «Белла» дауылы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дауылмен қабаттасып жауған жауын салдарынан су жүріп, үйлерге жайылды. Грейт-Уз өзені арнасынан асып кетті. Бедфорд қаласының тұрғындары су тасқынынан сақтану үшін құм толтырылған қаптардан бөгеттер жасаған. Жергілікті билік өкілдері тұрғындарды арнайы баспаналарда бас сауғалауға шақырып отыр. Уэльс өңірінде де дауыл ескертуі жарияланды. Бұл аймақта желдің жылдамдығы сағатына 130 шақырымнан асады.

Филипп Симпкинс, Бедфорд қаласы әкімшілігінің өкілі:

- Баршаңызды әбігерге салынбай, тиісті нұсқауларды орындауға шақырамын. Коронавирус ешқайда кетпегенін есте сақтауға тиіспіз, науқастар саны бұрынғыдай көп.

Хабар 24 телеарнасы