Словакия да жаппай вакцинаға кірісті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Алдымен елге танымал инфекционист өзіне екпе салды. Сондай-ақ денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне екпе жасалып жатыр. Словакияға Pfizer компаниясы шығарған вакцинаның 10 мың дана мөлшерінде бірінші партиясы жеткізілді. Жалпы 3 миллионнан аса адамға екпе салу көзделіп отыр.
Еске сала кетсек, 24 желтоқсанда Словакияда коронавирус жұқтырған 4 мыңнан аса адам анықталды. Бұл індет басталғалы елде тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Жалпы бұл күні тесттен өткен барлық адамдардың 20%-інде вирус анықталды.