420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Камерунда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 37 адам қаза тапты

  • 113
  • UPD: 22:46, 27.12.2020
Камерунда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 37 адам қаза тапты фото: Pixabay

Камерундағы Немал ауылында автобус пен жүк көлігі соқтығысып, салдарынан 37 адам мерт болды.

Тағы 18 адам ауыр жарақаттар алған. Бұл туралы жергілікті әкімшілікке сілтеме жасап, Associated Press агенттігі хабарлайды.

70 орынды автобус ел астанасы Яундеге бара жатқан. Немал ауылында автобус жолдағы бір топ адамды айналып өтпек болған кезде жүк көлігімен соқтығысқан.

 

Хабар 24 телеарнасы