427,07 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Чехияда карантин күшейтілді

  • 184
  • UPD: 07:48, 28.12.2020
Чехияда карантин күшейтілді

Чехия билігі елдегі індет қауіпін 5-деңгейге дейін көтеріп, шектеу шараларын күшейтті.

Сағат кешкі тоғыздан таңғы беске дейін үйден шығуға тыйым салынды. Елде тек тұрмысқа ең қажетті заттар сататын дүкендер жұмыс істеп жатыр. Қалған өзге сауда орындары мен барлық мекемелер жабылды. Қоғамдық орындар мен көшеде екі адамнан асатын топ құруға рұқсат жоқ. Тау-шаңғы курорттары да жұмыс істемейді.  Мектептерде онлайн оқыту жаңа жылдан кейін де жалғасады. Жалпы шектеулер қаңтардың онына дейін күшінде болады.

Хабар 24 телеарнасы