420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Босния және Герцеговина жеріндегі мигранттар көмекке мұқтаж

  • 106
  • UPD: 08:41, 28.12.2020
Босния және Герцеговина жеріндегі мигранттар көмекке мұқтаж

Боснияда баспанасыз қалған жүздеген мигрант халықаралық ұйымдардан көмек сұрап отыр.

Осы аптаның басында Бихач қаласында орналасқан босқындар лагерінде өрт шығып, оның салдарынан басым бөлігі күлге айналды. Қыстың қақаған аязында адамдар далада қалды. Жылыну үшін от жағуға мәжбүр. Азия мен Африка елдерінен шыққан босқындар Босния аумағы арқылы Батыс Еуропаға өтпек болған. Алайда шекаралар жабылғандықтан мақсаттарына жете алмай, Боснияда қалып қалды. Ал ел билігінің босқындарға тұрақты мәртебе беру жоспары жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырды.

Касим, Пәкістаннан келген босқын:

- Тұрмысымыз өте нашар. Сондықтан Біріккен Ұлттар Ұйымы мен миграция жөнінде халықаралық ұйымнан бізге жәрдем беруін өтінемін. Бізге көмектеспесе өлетін түріміз бар.

Хабар 24 телеарнасы