Америкалық Джонс Хопкинс университетінің соңғы мәліметі осындай. Індеттің таралуы бойынша АҚШ, Үнідстан, Бразилия көш бастап тұр.
Құрама Штаттарда науқастар саны 19 миллионға жуықтаса, Үндістанда 10 миллионнан асқан. Кәрі құрлықта да шектеулер қатаңдатылғанмен вирусты жұқтырғандар азайар емес.
Еуропада індет ошағы болған Италияда соңғы бір аптада вирусты жұқтырғандар қайта өскен. Жергілікті билік вакцинаға үлкен үміт артып отыр. Елде вируске қарсы алғашқы егу шарасы кеше басталған.
Ал Ұлыбританияда шыққан коронавирустың жаңа штамы Еуропа мен әлемнің өзге елдерінен анықталып жатыр. Жаңа вирус Норвегия мен Францияда тіркелді.