418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Камерунда жол апатынан қаза тапқандар саны 60-қа жетті

  • 98
  • UPD: 09:33, 28.12.2020
Камерунда жол апатынан қаза тапқандар саны 60-қа жетті

Камерунның батысында жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол апатынан қаза тапқандардың саны 60-қа жетті.

Бұл туралы ANI жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлады.

Автобус жексенбіге қараған түні Немале ауылында жүк көлігімен соқтығысқан. Апат автобус жолдағы адамдарды айналып өтпек болып, қарсы жолаққа шығып кеткен кезде болған.

Автобуста барлығы 70 жолаушы болды. Жергілікті билік жолаушылардың көпшілігі Рождество мерекесінен кейін Жаңа жылды тойлау үшін туыстарына қонаққа қайтып бара жатқанын хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, жексенбіге қараған түні Камерунның Немале ауылында жол апаты болды.

Хабар 24 телеарнасы