423,42 511.30 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Израильде үшінші жалпыұлттық карантин енгізілді

  • 114
  • UPD: 09:48, 28.12.2020
Израильде үшінші жалпыұлттық карантин енгізілді

Билік тәртіпті қатаңдатып, мереке кезінде індеттің өршуін болдырмауды көздеп отыр.

Шектеу шарасы қаңтардың 9-ына дейін жалғасады. Жаңа ережеге сай тұрғындарға аса шұғыл жағдайдан бөлек үйлерінен 1 шақырымнан артық ұзап шығуға тыйым салынады. Елде азық-түлік пен тұрмысқа аса қажетті заттар сататын дүкендерден басқа барлық сауда орындары жабылды. Мейрамханалар тағамды тек жеткізіп беру бойынша жұмыс істейтін болады. Бұдан бөлек шаштараздар мен сұлулық салондары және барлық қоғамдық орындар мен саябақтар жабылды.

Айта кетейік, Израильде вирусты жұқтырғандар саны 400 мыңнан асқан. Елде халықты коронавиусқа қарсы егу желтоқсанның 20-сы күні басталған.

Хабар 24 телеарнасы