Оңтүстік Кореяға Ұлыбританиядан келген үш адамнан коронавирустың жаңа штамы анықталды.
Еске салсақ, желтоқсан айының ортасында Ұлыбританияда SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа мутациясы анықталды. Ол әдеттегіден 70%-ке жұқпалы болуы мүмкін. Коронавирустың бұл түрі қазірдің өзінде сегіз елде табылды.
«22 желтоқсанда Ұлыбританиядан келген үш адамнан коронавирустың британиялық түрі анықталды. Олар қазір карантинде жатыр» - деп хабарлады KDCA.
Оңтүстік Кореяда бір тәулікте коронавирус жұқтырған 808 науқас тіркелді, елде барлығы 57 680 адам инфекцияны жұқтырған.